26 наурыз 2019 17:38

Елордада жол апаты салдарынан зардап шеккендер арасында Филиппин азаматшасы болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апаты салдарынан зардап шеккендер арасында Филиппин елінің 36 жастағы азаматшасы болғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдік сайтына сілтеме жасап. 


Нұр-Сұлтанда жантүршігерлік жол апаты салдарынан зардап шеккендер арасында Филиппин елінің 36 жастағы азаматшасы болғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық әкімдік сайтына сілтеме жасап. 

Барлығы 36 адам зардап шеккен, екі адам қайтыс болып, 26 адам ауруханаға жатқызылған. Қазір үш адамға операция жасалып жатыр, тағы төрт адамға ота жасалады. Олардың арасында Филипин елінің 1983 жылы туған азаматы бар, оның жағдайы ауыр. Алдын ала диагнозы - "кеуде қуысы жарақаттанған және жамбасы сынған". Зардап шеккендермен психологтар жұмыс істеп жатыр", - деді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров әкімдік отырысында. 

Сонымен қатар, Қамалжан Надыровтың айтуынша, оқиға орнында жедел жәрдемнің 19 бригадасы жұмыс істеп жатыр. 

ЖКО-на жедел жәрдем көлігі де түскен. Оның ішінде екі фельдшер мен жүргізуші болған. Жүргізуші дін-аман. Ал бір фельдшер ми жарақатымен бірінші қалалық ауруханаға жеткізілген.

Қала әкімі бүгінгі жол көлік оқиғасынан қайтыс болғандар отбасына және зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.

"Қайтыс болған жандардың туған-туыстарына әкімдік атынан және өз атымнан қайғыра көңіл айтамын. Бүгінгі ЖКО салдарынан екі адам қайтыс болып, 36 адам түрлі жарақат алған. Қазір олар медициналық көмек алып жатыр", - деді Бақыт Сұлтанов әкімдікте өткен жиналыста.

Осы орайда әкім бүгінгі жол көлік оқиғасынан қайтыс болғандардың отбасына, зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетуді және жол-көлік оқиғасының себебін анықтауды тапсырды.

"Күшті соққының даусы естілді". Куәгерлер Нұр-Сұлтанда болған апат жайлы айтып берді

Еске салайық, бүгін, 26 наурызда Қабанбай даңғылы мен Ұлы Дала көшесі қиылысқан тұста жол-көлік оқиғасы бодды. Онда үш автобус пен жеңіл автокөліктер соқтығысқан. Қала маңынан жүретін № 303 автобус №12 бағыттағы қоғамдық көлікті соққан. Кейінірек № 53 автобусқа және жедел жәрдем каретасына соқтығысқан.

Кейінірек қаза тапқандар жайлы ақпарат берілді. Автобус жүргізушісінің артында төрт баласы қалды, ал жолаушы келіншек отбасының жалғыз асыраушысы болған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети