© news.ivest.kz
Челябі вокзалында абдырып тұрған әжейді байқаған көліктік полиция қызметкерлері оған көмек көрсетті, - деп хабарлайды Lentachel.ru.
Челябі вокзалында абдырып тұрған әжейді байқаған көліктік полиция қызметкерлері оған көмек көрсетті, - деп хабарлайды Lentachel.ru.
Қарт әжей полицейлерге есін жоғалтып алғандықтан қайда тұрғанын білмейтіндігін айтқан. Полиция өызметкерлері әжейдің 1936 жылы туған Қазақстан азаматы екенін анықтайды.
"Уфа-Қарағанды пойызымен Челябіге 80 жастағы әжей қызына қонаққа келген. Вокзал басында өзін нашар сезініп, полицейлер назарына түскен", - деп жазады басылым.
Полицейлер әжейдің қызына хабарласып, болған жайтты баяндаған. Қазіргі кезде павлодарлық әжей туыстарының үйінде.