11 тамыз 2014 11:17

Есірткі тасымалдаушылар қазақстандық шекарашының бетіне газ шашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©petropavlovskkamchatskiy.bezformata.ru ©petropavlovskkamchatskiy.bezformata.ru

Қазақ-қырғыз шекарасында марихуананы заңсыз өткізбек болған белгісіз екі адам қазақстандық шекарашылардың біріне баллоншадан газ шашып жіберді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.


Қазақ-қырғыз шекарасында марихуананы заңсыз өткізбек болған белгісіз екі адам қазақстандық шекарашылардың біріне баллоншадан газ шашып жіберді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

"Сыпатай батыр" (Жамбыл облысы) заставасының шекарашылары бақылау-із кесу жолағының бетінен Қырғыз Республикасынан біздің елімізге қарай лақтырылған сұрғылт түсті полиэтилен буманы тауып алды. Шекара нарядын байқап қалған екі белгісіз адам Қазақстан аумағына қарай қаша жөнелді. Іздестіру шаралары барысында Аңдас батыр аулының маңайынан күдікті деген екі адам тоқтатылып, құжаттары тексерілді. Құжатын көрсетіп тұрғандардың біреуі шекара нарядының басқа мүшелерінің жақындай бастағанын байқаған мезетте қалтасынан газ баллонын шығарып, шекарашының бетіне шашып жіберді", - делінген хабарламада.

Заң бұзушылар ізін жасырып үлгерді, бірақ біреуінің жеке куәлігі сол жерге түсіп қалған. Іздестіру кезінде сұрғылт түсті тағы бір полиэтилен бума табылды. Сараптама полиэтилен бумалардағы заттардың марихуана екенін анықтады, жалпы салмағы 3,5 келіден асады.

Есірткі заты Қылмыстық кодекстің 259-бабының 1-тармағына сәйкес Меркі аудандық ішкі істер бөліміне берілді. Қазіргі уақытта қашып кеткендер іздестіріліп жатыр.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети