Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Эстония президентінің әйелі жұбайының көзіне шөп салды

22 Тамыз 2014, 21:38
0
© kroonika.ee
© kroonika.ee

Эстонияда ел президенті Тоомас Хенрик Ильвестің әйеліне қатысты жанжал ұшығып барады. Жергілік Kroonika басылымының тілшісі Эстаноияның бірінші ханшайымы Эвелин Ильвесті күйеуінің көзіне шөп салып жатқан жерін байқап қалған.

Тілші Эвелин Ильвесті Komeet кафесінің алдында белгісіз бір ер адаммен сүйісіп тұрғанын байқап қалған. "Белгісіз бір еркектің құшағында Эвелин Ильвес өзінің мәртебесі мен күйеуі бар екенін ұмытып сүйісіп, түні бойы құшақтасты", - деп жазады басылым. Дәлел ретінде бақытты жұптар түсірілген бейнежазба көрсетілген. 

Басылымның мәліметі бойынша, бұл оқиға 6 тамыз күні болған. Ол күні Komeet кафесінде той-томалақ өткен, ал елдің бірінші ханшайымы сол кафедегі бір орынға алдын-ала тапсырыс берген. Эстония президентінің әйелі түні бойы ол жерде көңіл көтеріп, таң атып, барлық қонақтар кеткен кезде белгісіз еркекпен би алаңына шыққан.

Куәгерлердің айтуына қарағанда, президенттің жұбайы мен оның серіктесі өздерін ғашық жандар секілді ұстаған, кейіннен олар кафеден бірге шығып кеткен. Эвелиннің серігі 28-30 жас аралығындағы еркек, эстон тілінде сөйлеген.

Бір қызығы, ел президенті бұл күні Эстонияда болған. Бірақ, мемлекет басшысының өзі де оның өкілдері де бұл жағдайға байланысты әлі түсініктеме бермеді. 

Ал Эвелин болса Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында өзінің әрекеті үшін кешірім сұрады. Жұма күні, 22-ші тамызда оның парақшасында: "Мен қазір басымнан қиын кезеңді өткеріп жатырмын. Өтініш, мені кешіріңіздерші", - деген жазу пайда болды. 

Айта кетейік, Эвелин Ильвес ел президенті Тоомас Хенрик Ильвестің екінші әйелі. Ерлі-зайыптылардың Кадри Кей есімді ортақ қызы бар. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай