Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

"Эйр Астана" ұшақта қайтыс болған адамның денесін жеткізіп береді

05 Қыркүйек 2014, 15:44
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

"Эйр Астана" әуе компаниясы Самара әуежайында ұшақ бортында қайтыс болған жолаушының денесін жеткізіп беруді өз мойнына алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның қоғаммен байланыс жөніндегі департаментіне сілтеме жасап.

"Әуетасымалдаушы Самарада марқұмның туысқандарының келу мәселесін шешіп, олардың қонақүйге орналасуын, Самарадан Алматыға ең таяу рейспен келуін және жолаушы денесінің Алматыға тегін жеткізілуін қамтамасыз етті", - деп хабарлады департамент өкілдері.

Еске сала кетейік, "Эйр Астана" компаниясының Майндағы Франкфурттан Астанаға КС 922 рейсін орындаған Boeing-767 ұшағы жолаушылардың бірінің жағдайы күрт нашарлағандықтан, Самараға қонуға мәжбүр болған еді. Дәрігерлер келген кезде 66 жастағы жолаушы клиникалық өлім жағдайында болды, дәрігерлер бортқа көтерілгенде, ол жүріп кеткен. Ресей ақпарат құралдарының мәліметінше, марқұм Қазақстанда туылған, қазір Германияның азаматы. Ол туыстарымен бірге Астанаға келе жатқан. 

"Эйр Астананың" ұшағы Самарадан жергілікті уақыт 05.10-да ұшып шығып, Астанаға сағат 09.10-да қонды. Әуе кемесінің бортында 122 адам болған.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай