Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Газ құбыры жарылысы: Оралда арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр

02 Ақпан 2015, 13:16
0
©mgorod.kz
©mgorod.kz
©mgorod.kz
©mgorod.kz

Оралда газ құбырындағы жарылыстың салдарынан жиырмаға жуық елді мекен газсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамына сілтеме жасап. Қазіргі таңда олардың жартысына ғана газ берілді, оқиға орнында Астанадан ұшып барған комиссия жұмыс істеп жатыр. Жарылыс салдарынан болған өрт ауыздықталды.

"ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамының мәліметінше, 2 ақпан күнгі сағат 11.00-дегі жағдай бойынша Зеленов ауданының 9 елді мекені: Белес, Ақжол, Новенький, Шалғай, Железново, Егіндікөл, Зеленый, Қаражар және Переметное ауылдары газ жіберу тетіктерінің жабылып, қысымның төмендеуіне байланысты газсыз қалған. Бұл елді мекендерде 11 мектеп, 3 балабақша, 5 денсаулық сақтау және 9 мәдениет нысаны мен 4 өзге де мекеме бар. Сонымен қатар, бұл ауылдарда жалпы саны 3 444 абонент пен 11 855 адам тұрады. Ал Тасқала ауданындағы 7 елді мекенге әлі де газ берілген жоқ. 

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысының басшылығы қазір газсыз қалған ауылдарға үздіксіз газ жіберу ахуалын бақылап отыр. Газ құбырындағы жарылыстың салдарынан болған өрт сағат 07.30-да ауыздықталды, қазіргі таңда қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. "ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамының мәлметінше, апат салдарын жою үшін оқиға орнына Астанадан арнайы комиссия ұшып барды. Олардың құрамында газ холдингінің басшылығы бар. Апат салдарынан қаза болғандар, зардап шеккендер мен зақымданған нысандар жоқ. Апат салдарынан аймаққа экологиялық қауіп төнген жоқ.

Еске сала кетейік, 2 ақпан күні сағат 04.08-де Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданындағы Белес және Переметное ауылдарының аралығындағы Орынбор - Новопсков газ құбырының 280-шақырымында жарылыс болып, оның салдарынан диаметрі 1200 миллиметр жоғары қысымды газ құбырынан өрт шыққан болатын. Өртті сөндіруге БҚО төтенше жағдайлар департаментінің 45 қызметкері мен 12 техникасы, БҚО ішкі істер департаментінің 15 қызметкері мен 3 техникасы, "ИнтерГазОрталықАзия" акционерлік қоғамының 15 қызметкері мен 3 техникасы, "Семсер Өрт сөндіруші" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 8 қызметкері мен 2 техникасы және әкімдік қызметкерлері мен Зеленді аудандық ішкі істер бөлімінің 2 қызметкері мен 1 техникасы, БҚО төтенше жағдайлар департаментінің басшысы мен жедел тобы жұмылдырылды. Мамандар түнгі сағат 04.30-да газ жіберу тетіктерін жапты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай