16 сәуір 2014 17:37

Гранатаны жарып алған сарбазды подполковник құтқарып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қарағанды облысында гранатадан жараланған сарбазды подполковник өлімнен құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ІІМ Ішкі әскерінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарағанды облысында гранатадан жараланған сарбазды подполковник өлімнен құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ІІМ Ішкі әскерінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарылыс ҚР Ішкі істер министрлігі Ішкі әскер комитетіне қарасты №5451 әскери бөлімнің оқу орталығында оқу-жаттығу шарасы кезіндегі әскери граната қолдануды үйретіп жатқан кезде болған. Сарбаз гранатаны қатты лақтыра алмаған, ол әскерилер жасырған жердің жақын маңына түскен. Оқу-жаттығу шарасын өткізіп жатқан подполковник Әбдісамат Әбдіхалықов шалт қимылдап, оны жасырынатын жерге итеріп жіберген. 

Гранатаның жарылуынан сарбаз жамбасынан жеңіл жарақат алды. Оған дер кезінде медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта ол еркін қозғалып жүр. Ішкі әскердің бас қолбасшысы енді подполковник Әбдіхалықовты Ішкі істер министрлігінің атынан марапаттауды қарастыруда. 

Бұған дейін 15 сәуір күні Қарабас ауылындағы ҚР Ішкі істер министрлігі Ішкі әскер комитетіне қарасты №5451 әскери бөлімнің оқу-жаттығу жиыны барысында екінші жедел әрекет ету батальонының 1990 жылы туылған сарбазы граната лақтыруды үйрену барысында жарақат алғаны хабарланған болатын. Қарағанды гарнизонының әскери прокуратурасы бұл оқиға бойынша тергеуалды тексеріс жүргізбек.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети