16 желтоқсан 2014 11:52

Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Бішкекте ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©berdsk-online.ru ©berdsk-online.ru

Бішкекте халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды, - деп хабарлайды "Вечерний Бишкек".


Бішкекте халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды, - деп хабарлайды "Вечерний Бишкек".

Бішкек қаласының 23 жастағы тұрғыны құқыққорғау органдарына хабар береді. Ол белгісіз біреулердің Горький көшесіндегі "Веко" тұрмыс заттары дүкенінің терезесін сындырып, ішіне кіріп, 20 мың сом мен үш Аcer ноутбугын, екі Sony теледидарын тонап кеткенін хабарлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, материалдық шығынның көлемі - 150 мың сом болды. Осы дерек бойынша Первомайский ауданының ішкі істер басқармасының тергеу бөлімінде "Өндірістік үй-жайға не қоймаға кіру арқылы бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену" бабы бойыншы қылмыстық іс қозғалды.

Жедел-іздеу шаралары кезінде қылмыстық іздеу қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол өзін Азамат Тендешұлы Елубаев деп таныстырып, 1991 жылы туылғанын айтты. Бірақ тергеу кезінде жігіттің жеке басына қатысты басқа мәліметтері пайда болды. Ұсталған азамат Қазақстанның 23 жастағы азаматы болып шықты.  

Мұнымен қатар, ұсталған азамат Қазақстанда аса ірі көлемде бөтеннің мүлкін тонағаны үшін халықаралық іздеуде екені анықталды. Қазіргі уақытта оның Бішкекте болған өзге де тонауларға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Тергеу жалғасып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети