"Азаматтарға арналған үкімет" өкілдері Алматы облысындағы ХҚКО-да болған жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Азаматтарға арналған үкімет" өкілдері Алматы облысындағы ХҚКО-да болған жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өкілдері оқиғаның 18 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданының ХҚКО-сында болғанын айтап берді.
"Әйел адам 2010 жылы туған қызына құжат алу үшін фронт-кеңсеге келді. Дайын құжаттарды беретін маман ереже бойынша алушыдан құжат алу қағазы мен жеке куәлік сұрады. Алайда оның қолында құжатты алу туралы қағаз ғана болды, сондықтан оған құжат берілмеді. Осыған қатысты әйел адам дау шығарды, боқтық сөздер айтып, күш қолданатынын айтып қорқытты. Осылайша ол қоғамдық тәртіпті бұзды. Біраз уақыттан кейін ол жеке куәлігін алып келді де, құжаттарын алды", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.
ХҚКО қызметкерлері Қарасай ауданы АІІБ-нің басшысының атына әйел адамға қатысты арыз жазды. Қазіргі кезде әйелді ҚР Әкімшілік жауапкершілік кодексінің 434-бабы бойынша жауапқа тарту қарастырылып жатыр.
"Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы өз қызметкерінің әрекетін толық қолдап, Халыққа қызмет көрсету орталығына келушілерге белгіленген ереже мен өзара сыйластықты сақтауды сұрайды", - деп атап өтті мемлекеттік корпорация өкілдері.