26 наурыз 2018 17:25

Жалғыз басты әйелді зорлап өлтірген ер адам қашып кетпек болғанда ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет © Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық сурет © Тұрар Қазанғапов

Алматының 35 жастағы тұрғыны жалғыз басты 36 жастағы әйелді зорлап, өлтіргені үшін сотталды. Бұл туралы аймқатық ІІД өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматының 35 жастағы тұрғыны жалғыз басты 36 жастағы әйелді зорлап, өлтіргені үшін сотталды. Бұл туралы аймқатық ІІД өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Іс Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Айыпкердің қарақшылық пен ұрлық үшін бұрын да істі болғаны анықталды. 

Оқиға 2017 жылдың 17 желтоқсанында Алматы облысының Көксу ауданында болған. Теректі ауылындағы үйлердің бірінен 36 жастағы әйелдің денесі табылды. Кейін әйелдің алты жастағы қызын тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана екені және бұл үйге жақында көшіп келгені белгілі болды. 

"Күдікті Талдықорғанның вокзалында ұсталды, ол қашып кетпек болған. Тергеу барысында күдікті бір күн бұрын марқұмға құмары ауып, тиіскен екен. Алайда әйел оны үйден қуып шыққан. Осыдан кейін ол мас күйде үйге басып кіріп, әйелді зорлап, өлтіріп кеткен. Қыз басқа бөлмеде болған", - дейді ІІД өкілдері.

Сотта күдіктінің кінәсі дәлелденді. Тағылған айыптар жиынтығы бойынша ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Кәмелетке толмаған қыз бала мемлекеттің қамқорлығына алынды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети