Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған тікұшақта прокурор болған

29 Қаңтар 2016, 18:18
0
© Tengrinews TV
© Tengrinews TV

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған тікұшақта өңірлік прокурор болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 қаңтарда, сенбі күні "ТаразЖаңаӘлем" ЖШС жетекшісі (тікұшақ пилоты) Валерий Михин жолаушылар алдын ала төлеп қойған ұшуды жүзеге асырған. Пилотпен бірге, тікұшақта үш жолаушы болған, оның ішінде Жамбыл облысының прокуроры Ернат Сыбанқұлов бар болып шықты.   

"Аңшылық болған жоқ, маңайды қараған кезде жануарлардың өлігі табылмады", - делінген хабарламада. 

Алдын ала мәлімет бойынша, ұшып келе жатқан кезде тікұшақтың қозғалтқышында қысым түсе бастаған, кейін түтіндеген. Пилот шұғыл қонуға мәжбүр болған, алайда тікұшақ құлаған. Пило шыққан өртті өз бетімен сөндірмек болып, күйіп қалған. 

Жолаушылар жаралы пилотты таяуда орналасқан малдыауылға апарған, сол жаққа жедел жәрдем бригадасы шықырылған. Сөйтіп, ұшқыш Тараздағы ауруханаға күю жарақатымен жеткізілген. Қазіргі уақытта зардап шеккен ер адамның жағдайы тұрақты. 

Апаттың себебі арнайы құрылған комиссия тергеп жатыр. Ми-2 тікұшағының апаты дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай