05 ақпан 2016 22:38

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған тікұшақтың пилоты қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған тікұшақтың пилоты қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.


Жамбыл облысында апатқа ұшыраған тікұшақтың пилоты қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

"Иә, ол бүгін екінші ауруханада күйік шалғандардың бөлімінде қайтыс болды", - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Еске салайық, оқиға Тұрар Рысқұлов ауданындағы Садыхан қыстауынан үш шақырым қашықтықта болған. Төтенше оқиға жайлы хабарлама 112 телефонына 23 қаңтарда кешкі уақытта келіп түскен. Апат орны аудан орталығынан 100 шақырым, ал Тараздан 220 шақырым жерде орналасқан. Кейін тікұшақ пилотын куәгерлер Тараздағы ауруханаға жеткізгені белгілі болды. 

Айта кетейік, осыған дейін басқармадағылар 62 жастағы Валерий Михиннің Тараздағы №1 ауруханаға 24 қаңтарда бетінің, басының, аяқ-қолдарының І-ІІ-ІІІ дәрежесіндегі күюі диагнозымен түскенін айтып берді. Сонымен қатар, оның тыныс алу жолдарын ІІ дәрежедегі күйік шалған. "Науқастың айтуынша, ол 23 қаңтарда жарақат алған. Ол тікұшақ ұшқышы. Әуеде қозғалтқыш өртенген. Жерге қонғаннан кейін ол тікұшақты өзі сөндірмек болған. Шамамен 5 шақырым жаяу жүрген. Бұдан кейін ол №1 ауруханаға жеткізілген. Жалпы жағдайы ауыр. Ес-ақылын біледі. 25 қаңтарда 09.00-де дәрігерлер консилиумы оның жағдайын қарады, жансақтау бөлімінде жатыр", - деген еді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети