10 наурыз 2014 11:53

Жамбыл облысында өрт орнынан екі адамның мәйіті табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Tengrinews.kz сайтының мұрағатынан алынған Сурет Tengrinews.kz сайтының мұрағатынан алынған

"Таразда орын алған өрт бір ер адам мен бір әйел кісінің өмірін жалмады" деп хабарлайды Tengrinews.kz Жамбыл облысы ТЖД қызметіне сілтеме жасап. Қайғылы оқиға "Казвторчермет" АҚ филиалының ғимаратында 9 наурыз күні таңғы уақытта орын алған. Өрт бір сағаттан соң ауыздықталды. Қызыл жалынмен күреске жеке құрамның 20 қызметкері, сондай-ақ Жамбыл облысы ТЖД Өртке қарсы қызметі мекемесінің 5 техникасы жұмылдырылды. Өрт 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт орынынан бір әйел адам мен ер адамның мәйіті табылған. Қазіргі уақытта қаза болған азаматтардың жеке басы анықталуда.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети