25 қаңтар 2016 06:25

Жамбыл облысындағы тікұшақ апатының орнынан алғашқы кадрлар пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews TV © Tengrinews TV

Жамбыл облысындағы Ми-2 тікұшағы апатының орнында түсірілген алғашқы кадрлар пайда болды, - деп хабарлайды TengrinewsTV тілшісі. Видеодан ұшу аппаратының қаңқасын көруге болады.


Жамбыл облысындағы Ми-2 тікұшағы апатының орнында түсірілген алғашқы кадрлар пайда болды, - деп хабарлайды TengrinewsTV тілшісі. Видеодан ұшу аппаратының қаңқасын көруге болады.

Айта кетейік, 23 қаңтарда Жамбыл облысында тікұшақ апатқа ұшыраған еді. Бұл туралы мәліметті Tengrinews.kz тілшісіне Қазақстанның ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады. Кейін ұшқыштың зардап шеккені, оның Тараздағы №1 ауруханада екендігі анықталды.

Оқиға Тұрар Рысқұлов ауданындағы Садыхан қыстауынан үш шақырым қашықтықта болған. Төтенше оқиға жайлы хабарлама 112 телефонына 23 қаңтарда кешкі уақытта келіп түскен. 

"Оқиға орнына Тұрар Рысқұлов ауданының ТЖ жөніндегі аудандық бөлімінің және Жамбыл облысының ТЖ жөніндегі департаментінің қызметкерлері апат-құтқару іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін дереу жіберілді. 20.30-да оқиға орнына медициналық қызмет көрсету үшін жедел жәрдем бригадасы жөнелтілді", - деп хабарлады Иманқұлов. Апаттың себебін арнайы құрылған комиссия анықтайды. 24.kz телеарнасының мәліметінше, осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 


© TengrinewsTV

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети