05 қаңтар 2015 15:43

Жаңа жыл мерекесінде Алматыда 59 адам пиротехникадан зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Жаңа жылға байланысты демалған төрт күннің ішінде, 1-4 қаңтар күндері Алматының 59 тұрғыны отшашудан жарақат алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Жедел медициналық жәрдем станциясы" шаруашылықты жүргізу құқығына ие мемлекеттік коммуналдық мекемесі бас дәрігерінің орынбасары Олег Сариев хабарлады.


Жаңа жылға байланысты демалған төрт күннің ішінде, 1-4 қаңтар күндері Алматының 59 тұрғыны отшашудан жарақат алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Жедел медициналық жәрдем станциясы" шаруашылықты жүргізу құқығына ие мемлекеттік коммуналдық мекемесі бас дәрігерінің орынбасары Олег Сариев хабарлады.

Оның мәліметі бойынша, 1 қаңтар күні 51 адам көмекке жүгінген. "1 қаңтарда 51 адам отшашудан жарақат алды. Олардың арасында мұрнын жұлып түсіргендер, сол жақ жамбасы мен бөксесін күйдіргендер, саусағының айналасын жырымдап жаралағандар, сол жақ көзінің ағын жарақаттағандар, көздің мүйізгек қабығы мен қол білезігін күйдіргендер, тіпті мұрын сүйегін сындырғандар бар, пиротехника мұрынның ішіне кіріп кеткен. Сонымен қатар, еріннің ашық жарасы мен ауыз қуысы түгелдей күйіп қалғандар болды. 2 қаңтарда бір адам түсті, оның көзі жарақатталған. 3 қаңтарда да бір адам келді, оның екі білегі жырымдалған жара болды. 4 қаңтарда төрт адам түсті, біреуінің қолы күйген, сынған және тағы біреуінде жабық бассүйек-ми зақымы болып, беті күйген", - деді Сариев. 31 желтоқсанда жарақат алғандар болған жоқ.

Сонымен қатар, 188 адам алкогольден уланды. Олардың 40-ы дәрігердің көмегіне 1 қаңтар күні жүгінген. Жай күндері бұл көрсеткіш өте төмен. "Мысалы 20 желтоқсанда 18 адам шағымданды", - дейді Сариев. Оның айтуынша, мереке күндері 628 адам түрлі жарақат алған. Олардың 169-ы соққы алған, 14-і пышақ және екеуі оқ жарақатын алған. 1 қаңтарда 190 адам түрлі жарақатпен түсті, олардың 74-і соққы алған, жетеуі пышақ және біреуі оқтан жарақат алған. "20 желтоқсанда 115 жарақаттанған адам болды, олардың 29-ы соққы алған және бесеуі пышақ жарақатын алған адам, оқтан жарақат алғандар бұл күні болған жоқ", - деді жедел жәрдем өкілі.

Жаңа жылға берілген төрт күндік демалыстың ішінде жедел жәрдемге 11 669 алматылықтан шақыру түсті. "Күнделікті шақыру саны мыңға дейін артты. Екі мыңға дейін түсетін шақыру үш мыңға жетті. Мысалы 1 қаңтарда 2765 шақыру болды. Кез келген басқа күнгі шақырудың санын алып қарайық, мысалы 10 қазанда 1969, 4 желтоқсанда 1917 шақыру түскен", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети