24 шілде 2014 12:23

Жаңа туған сәбиін дәретханаға тастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Атырау облысында бір әйел жаңа туған сәбиін көшедегі дәретханаға тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтароваға сілтеме жасап. Нәрестені жергілікті тұрғындардың бірі тауып алған.

"Кеше, 23 шілде күні сағат 17.30-да Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылының тұрғынынан оның ауласындағы дәретханадан пакетке салынған жаңа туған нәрестенің табылғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына полицейлер келіп, деректі растады", - дейді Мұхтарова. 

Полицейлер дәрігерлермен бірге сәбиді дәретханадан алып шықты. Кейін еш жерде жұмыс істемейтін 33 жастағы әйелдің өз үйінің сарайында босанғаны анықталды. Ол шарананы полиэтилен пакетке салып, дәретханаға тастаған.

Сәби қыз бала екен, салмағы - 2,7 келі. Қазір ол анасымен бірге аудандық ауруханаға жатқызылды. "Қауіпте қалдыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр.

Еске сала кетейік, бір жыл бұрын Көкшетауда осындай оқиға болған еді. Анасы жаңа туған сәбиін бақшаға жасырып кеткен. Полицейлер 1993 жылғы қыздың дәретханада жұрттан таса жағдайда босанғаннан кейін сәбиін полиэтилен пакетке орап, бақшаға тастағанын анықтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети