09 қаңтар 2019 09:09

Жаңаөзенде көпқабатты үйлердің бірінде еден опырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр. © КТК Видеодан алынған кадр. © КТК

Жаңаөзенде түннің ішінде көпқабатты үйдегі пәтердің бірінің едені опырылып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Жаңаөзенде түннің ішінде көпқабатты үйдегі пәтердің бірінің едені опырылып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, бірінші қабаттағы пәтердің плитасы жертөлеге жетіп жарылған. Зардап шеккендер жоқ. 

"Бала-шағамның бәрін жан-жаққа жібердім. Жеті отбасы болып тұрамыз. Кеше жалған ақпарат берді әкім үйге орналастырдым деп. Көмек жоқ ешқандай", - дейді Жаңаөзен қаласының тұрғыны Амангелді Бөлеков.

Телеарна сюжетінде ашынған адамдардың әкімдікке жиналғаны айтылады. Алайда әкімдік өкілдері сараптама өткеннен кейін қорытынды жасаймыз деп айтқан екен.

"Мен гарантия бере алмаймын. Біз Алла емеспіз. Бір Алланың қолында. Енді тыңдаңыз. Кеше тиісті комиссияны құрдық. Өзіңіз болдыңыз, куә болдыңыз. Тиісті шараларын қабылдадық. Қазір міне мекемесін белгіледік", - дейді қала әкімінің орынбасары Ғалым Байжанов.

Телеарнаның мәліметінше, Жаңаөзенде мұның алдында осындай жағдайлар болған. Бір жыл бұрын қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде орналасқан бірінші қабаттағы пәтердің едені осылай опырылып кеткен еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети