28 желтоқсан күні Жаңаөзеннен солтүстікке қарай алты шақырым жерде орналасқан "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның МГӨБ-3 (мұнай газ өндіру басқармасы) кәсіпорны аумағында мұнай құбыры орналасқан жерге жақын мұнай өнімдері өртенді, - деп хабарлайды "Лада" басылымы.

Маңғыстау облысының ТЖД өрт сөндіру және апат-құтқару қызметінің баспасөз орталығы өкілдерінің мәліметі бойынша, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Кезекші пультіне хабарлама жергілікті уақытпен сағат 04:21-де түскен. "№ 61 құрылғы маңындағы № 4412 ұңғымасының жанында төгілген мұнай өнімдерінің өртенгені туралы хабарлама түсті. Ол МГӨБ-3 мекемесіне тиесілі. Аталаған орын Жаңаөзен қаласынан солтүстікке қарай алты шақырым жерде. 04:55-те өрт ауыздықталды, ал 05:00-де толықтай сөнідірілді", - дейді ведомство өкілдері.
Сонымен қатар, өрт шалған аумақтың алты шаршы метр екені хабарланды. Келген шығын мен өрт себебін кезекші тергеуші анықтап жатыр.