28 мамыр 2014 19:52

Жаңаөзеннің тұрғыны 10 жыл бойы құлдықта болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Дмитрий Хиониди. ©tumba.kz Дмитрий Хиониди. ©tumba.kz

Ақтаудағы бейімделу орталығына 10 жыл бойы құлдықта болған 65 жастағы Дмитрий Хиониди түсті, - деп хабарлайды Теngrinews.kz. 


Ақтаудағы бейімделу орталығына 10 жыл бойы құлдықта болған 65 жастағы Дмитрий Хиониди түсті, - деп хабарлайды Теngrinews.kz. 

Хионидидің айтуынша, біркездері оның отбасы, Жаңаөзенде жұмысы болған екен. Кейін әйелі қаза болып, артынша өгей қызы да өмірден өткен. Бұл оқиғалардан кейін ол арақ ішуді бастаған. Сөйтіп, жұмысынан айырылған, кейін тіпті адамдардан алшақ кетіпті. "Мен жалғыз өзім қала алмадым, өйткені, алкоголь мені өлтіруі мүмкін еді. Сосын мен не үшін маскүнем болуым керек деп, шопан болуға кеттім", - дейді ол.

Ол колхозға шопан болып жұмысқа тұрды. Кейіннен оған жергілікті шаруа малшы болуды ұсынады. Оның айтуы бойынша, жұмыс беруші оған бөлме мен тамақ беріп тұрған, бірақ ешқайда шығуға рұқсат етпеген. 10 жыл жұмыс істеген уақытында қожайыны Хионидиді тек бір рет, әйелі мен баласы жерленген бейітке баруға рұқсат еткен. Бірнеше рет ол қашып кетуге әрекет жасап көрген, бірақ, оны әр кез тауып алып, кері қайтарып отырған. 

Үш ай бұрын Дмитрийдің аяғы қатты ауырып, жұмыс істей алмайтын халге жеткен. Шаруа қожасына мұндай жұмысшы керек болмай, оны емханаға апарған. Қазір Хиониди екі апасы тұрып жатқан Грекияға кетуді армандайды. Бірақ, ол өзін он жыл бойы еріксіз ұстап отырған иесінің үстінен арыз жазудан бас тартты. 

 

;

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети