Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Жанармай тасушы көлік пен автобус апатының жай-жапсары анықталды

22 Қыркүйек 2014, 11:08
0
©СТВ/"Территория происшествий"
©СТВ/"Территория происшествий"
©СТВ/"Территория происшествий"
©СТВ/"Территория происшествий"
©СТВ/"Территория происшествий"
©СТВ/"Территория происшествий"
©СТВ/"Территория происшествий"
©СТВ/"Территория происшествий"
©СТВ/"Территория происшествий"
©СТВ/"Территория происшествий"
©СТВ/"Территория происшествий"
©СТВ/"Территория происшествий"
©СТВ/"Территория происшествий"
©СТВ/"Территория происшествий"

Royal Petrol компаниясының жанармай таситын көлігі мен автобустың және жеңіл автокөліктің соқтығысуынан сегіз адам емес, тоғыз адам зардап шеккен, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек хабарлады. 

"Полицейлер Volvo маркалы жүк автомашинасының Палладин көшесімен солтүстік бағытта келе жатқанын, ал 56-бағыттағы Daewoo маркалы автобустың Жұмабаев көшесімен шығыс бағытта қозғалғанын анықтады. Жол қозғалысы ережесін аталған көліктердің бірінің жүргізушісі өрескел бұзған, соның салдарынан қоғамдық көлік қарсы бағытқа шығып кетіп, Жұмабаев көшесімен батыс бағытта келе жатқан Mercedes маркалы автокөлікпен түйісті. Бір адам - автобус жүргізушісі қайтыс болып, ондағы тоғыз жолаушы түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға түсті. Көшелердің бұл қиылысының бағдаршаммен реттелетінін айта кету керек. Жанармай таситын көліктің жүргізушісі - 48 жаста, ал автобус жүргізушісі 49 жаста болған", - дейді Әзірбек

Алматы қаласы ІІД Анықтау басқармасы кісі өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша "Жол қозғалысы ережесін бұзу" бабымен қылмыстық іс қозғады. Соның аясында тиісті сараптама жүргізіледі. Тергеу басталды.

Ал "Алматы құтқару қызметінің" баспасөз қызметі Royal Petrol-дың жанармай таситын көлігі мен жолаушылар автобусының соқтығысуынан қала ауруханаларына 14 адамның түскенін хабарлады. "Құтқарушылар арнайы құралдың және қол гидравликасының көмегімен автокөліктердің аккумуляторларын ажыратты, содан кейін автобус көшенің көлік жүретін бөлігінен алынды", - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, Royal Petrol компаниясының жанармай тасушы көлігіне соғылған №56 жолаушылар автобусы жүргізушісінің 23 қыркүйек күні жерленетіні белгілі болды. "Жүргізуші 46 жаста болатын, оның еңбек тәжірибесі мол. Қазір оның отбасына материалдық көмек көрсету мәселесі шешіліп жатыр, ол ертең жерленуі тиіс. Марқұмның артында әйелі қалды, балалары жоқ. Мен жаңа ғана оқиға орнынан келдім. Ол жерде жол-патруль полицейлері мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Біздің жүргізуші Жұмабаев көшесімен келе жатқан, жолдан өтіп бола бергенде, арт жағы мен ортаңғы есік тұсынан жанармай таситын көлік соққан. Жолаушылар зардап шеккенімен, аман-есен. Біздің жүргізуші ғана қайтыс болды", - дейді "Транс АВ 2008" ЖШС директоры Александр Выприцкий.

Royal Petrol компаниясының өкілдері болса, тергеу жүріп жатқандықтан, қанда да бір түсінік беруден бас тартатынын айтты.

Еске салайық, Алматыдағы ірі жол апаты 22 қыркүйек күні Жұмабаев пен Палладин көшелерінің қиылысында болды - Royal Petrol компаниясына қарасты жанармай тасушы көлік пен жолаушылар автобусы және Mercedes соқтығысты. Көлік апаты өртке ұласқан жоқ. Оқиға орнында қаланың шұғыл қызметтері жұмыс істеп жатыр. Бұрын Алматыда Helios компаниясының жанармай таситын көлігінің жүрізушісі Сейфуллин көшесінде жол-көлік апатынан қаза тапқан еді. Жүк көлігі өртеніп, сол маңдағы пәтерлер де отқа оранған еді. Компания өрттен зардап шеккендердің шығындарын өтеп берді. Helios-тың жанармай таситын көлігінің жүргізушісі қайтыс болғаннан кейін ерлігі үшін марапатталды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай