30 желтоқсан 2016 | 11:33

Жаркентте ер адам жедел жәрдемнің ауруханаға жатқызудан бас тартқаны үшін қайтыс болды

Жаркентте дәрігерлердің салғырттығынан ер адамның қайтыс болғаны туралы Facebook желісінде Ринат Бабазаев жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осы оқиғаға байланысты Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жаркентте дәрігерлердің салғырттығынан ер адамның қайтыс болғаны туралы Facebook желісінде Ринат Бабазаев жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осы оқиғаға байланысты Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді. 

Бабазаевты жазбасында 16 желтоқсанда Сейфуллин көшесінің бойындағы үйлердің бірінде тұратын Сергей Калмаковтың дене қызуы 40,5-ке дейін көтерілгені айтылады. Оның әйелі Мария Калмакова жүкті болған, ер адамның халін көрген ол жедел жәрдем шақырған, алайда оларға көмек көрсетуге келмеген, телефон арқылы дене қызуын төмендететін дәрілерді беруді ұсынған. Бір мезетте ер адамның жағдайы дұрысталған, алайда уақыт өте Сергей мен Марияның халі күрт нашарлап кеткен. 

Реклама
Реклама

Сол кезде әйел адам өзін емдеп жүрген дәрігеріне хабарласқан. Біраз сөйлескеннен кейін, дәрігер әйелге телефон нөмірін берген, бірақ ол нөмір қабылдау бөлімінің нөмірі болып шыққан. Әйел адам жедел жәрдемге жылап отырып келуін өтінген, алайда олар учаскелік дәрігерді жіберген. Келген дәрігерлер бірнеше дәрі егіп, дене қызуын төмендететін дәрілерді жазып берген. Біраз уақыт өте ерлі-зайыптылардың халі күрт нашарлған. Тек сол кезде кезекші дәрігер Калмаковтар отбасына жедел жәрдем көлігін жіберген. 

"Жедел жәрдем келген уақытта бірден әйел адамды қарап, оның дене қызуы 39 градус болған, дереу ауруханаға жатқызуға алып кетпек болады. Осы кезде әйелі күйеуінің жағдайын түсіндіріп, оны да ауруханаға жатқызуын өтінген. Алайда дәрігерлер оны жатқызудан бас тартқан. "Оның жағдайы тұрақты. Ол ер адам ғой, ауырады да жазылады" деп үйінде жалғыз қалдырып кеткен", - деп жазады Facebook қолданушысы.

Ер адам қайтыс болған, ал оның денесі үш күн бойы үйде жатқан. Мәйітті тексеру барысында оның өкпе артериясының тромбоэмболия және кардиомиопатиядан қайтыс болғаны анықталған. 

Тengrinews.kz редакциясының ресми сауалына Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы былай деп жауап қайтарды: "Колмаков Сергей Павлович Жаркент қаласының 1992 жылғы тұрғыны аудандық емханада денсаулығына байланысты "Д" есепте тұрмаған, медициналық көмекке денсаулығы бойынша жүгінбеген".
Ведомство өкілдерінің айтуынша Колмаковтың әйелінен емхананың тіркеу бөліміне дәрігерге шақырту түскен, терапевт дәрігер Абденов сағат 12.00-де үйіне барып, науқасты қараған, дене қызуы 39 градусты көрсеткен, соған байланысты кезекші дәрігер қажетті емдеу шарларын жасаған.

"Сол күні науқастың жүктілігіне 22 апта болған әйелі М. Колмакованы дене қызуы көтерілгендіктен, жұқпалы аурулар бөліміне "ОРВИ" диагнозымен жатқызылған. Науқас Колмаков желтоқсанның 12-17 аралығында тағайындалған емін алып отырған. 18 желтоқсанда Колмакова аурухандан шығып, үйіне барғанда күйеуі Колмаков Сергейдің қайтыс болғанын көрген. Колмаковтың мәйітіне сот медициналық сараптама жүргізіліп, соның қорытындысы бойынша өкпе артериясының тромбоэмболия және кардиомиопатиядан қайтыс болғаны анықталған", - делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, Колмакова өз тарапынан хабарлама жазбағанын және өз қолымен дәрігерлерге ешқандай арыз шағымы жоқ екенін жазып берген.

 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная