16 ақпан 2015 18:07

Жарылыстан қаза тапқан подполковниктің жұмысында 800 миллион теңге кем болып шыққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Астанада Қорғаныс министрлігі ғимаратының маңында болған жарылыстан қаза тапқан подполковник Арман Сыздықовтың қызметінде тауар-материалдық құндылығы 798,6 миллион теңгеге кем болып шыққан, - деп жазады "Мегаполис" газеті. Еске сала кетейік, жарылыс Астанада 10 ақпан күні болды.


Астанада Қорғаныс министрлігі ғимаратының маңында болған жарылыстан қаза тапқан подполковник Арман Сыздықовтың қызметінде тауар-материалдық құндылығы 798,6 миллион теңгеге кем болып шыққан, - деп жазады "Мегаполис" газеті. Еске сала кетейік, жарылыс Астанада 10 ақпан күні болды.

БАҚ мәліметінше, жетіспеушілік туралы 2015 жылдың басында жүргізілген инспекторлық тексеріс барысында анықталған. Астанада болған жарылыстан қаза тапқан ҚР Қарулы Күштерінде ақпараттандыру және телекоммуникация бас басқармасының есеп бағдарламасымен қамтамасыз ету және есептеу техникасымен жабдықтау бөлімінің басшысы Сыздықовта 8 атау бойынша тауар-материалдық құндылығы кем болып шыққан. Қандай да бір ақтайтын құжаттар әзірше табылған жоқ. Басқарманың бұрынғы басшысы Мейіржан Жұмаділовтің 2014 жылы қарашада "қызметтегі құқыққа қайшы әрекеттеріне байланысты" қызметінен шеттетілгені белгілі. Бұл басшы тек бас басқарма басшысының міндетін атқарған.

Сонымен қатар, подполковниктің жеке өміріне қатысты мәліметтер анықталды. Сыздықов анасы өмірден өткеннен кейін қатты қайғырған. Ол 2001 жылы қайтыс болған, өлімінің бір нұсқасында суицид қарастырылған. Офицер невропатологтың қызметіне бірнеше рет жүгінген. Ол 2003 жылы Алматыдағы әскери-клиникалық госпитальда жатып емделген. Оған ауру синдромдары бар екінші дәрежелі оң жақтың нефроптозы деген диагноз қойылды. Сонымен қатар, ремиссия сатысындағы оң жақтағы созылмалы пиелонефриттің қайталануы...", бірақ бейбіт уақытта қызметке жарамды деп танылды. Сонымен қатар, қаза болған подполковниктің туыстары оның қос отбасылық өмір сүргенін хабарлады. Оның заңды әйелінен бөлек азаматтық некедегі жұбайы болған. Сонымен қатар, өлер алдында жазған хатының көлік жүксалғышында болғандықтан жарылыс кезінде бүлінбегені анықталды. Сонымен қатар, қаза болған подполковниктің компьютерлік ойындардың құмар ойыншысы болғаны анықталды, ол Номад нигімен виртуалды өмірге басымен кіріп кететін болған. Ақпарат құралының мәліметінше, жарылған әскери граната Жаркент мотоатқыштар полкіндегі қызметі кезінен сақталып қалуы мүмкін.

Астанадағы жарылысты тергеп жатқан Қазақстанның ІІМ әскери-тергеу басқармасы "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу және "Жарылғыш заттар мен жарылғыш құралдарды заңсыз сақтау және алып жүру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғады. Астанадағы жарылыс 10 ақпан күні Достық көшесінің бойында болды. Chevrolet маркалы көлігінде болған Сыздықов алған жарақаттарынан сол жерде қаза тапты. Басқа ешкім зардап шеккен жоқ. Кейін ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов хаттың түпнұсқа екенін және онда фамилиялардың аталғанын растады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети