10 желтоқсан 2014 13:03

Жаяуларды көлік қағып кете жаздағаны түсірілген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Youtube.com желісіндегі видео кадры ©Youtube.com желісіндегі видео кадры

Интернетте Қостанайда жаяу жүргіншілерді көлік қағып кете жаздағаны туралы видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews TV тілшісі. 


Интернетте Қостанайда жаяу жүргіншілерді көлік қағып кете жаздағаны туралы видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews TV тілшісі. 

Видеоны "Одноклассники" әлеуметтік желісінде Nastya есімді қолданушы жүктеді. Роликте ескерту мәтіні жазылған: "Бүгін мынадай жағдайдың куәгері болдым... Қостанайлықтар, байқап жүріңдер, қыста мұндай ақымақтар көп ((". Видеоға жазылған сипаттамада бұл оқиғаның Қостанайдағы Майлин көшесінде болғаны айтылды.

Видео кадрларынан Audi маркалы көліктің жоғары жылдамдықта бір машинадан озып келе жатып, көктайғақтан жол шетіне шығып кеткенін байқауға болады. Жаяу жүргінші жолында келе жатқан екі адамның көлік астында қалуы мүмкін еді, бірақ көлік сырғанап барып темір қақпаға соғысады. Видеода болған оқиғаның уақыты жазылған - 9 желтоқсан, сағат 09.30.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети