26 қаңтар 2018 14:35

Желі қолданушылары иттің аяғын жұлып жатқан питбуль иесіне ашулы - Видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Ер адам итін (питбуль) басқа итке айтақтаған. Салдарынан питбуль таласып жатқан иттің аяғын жұла бастаған. Бұл туралы Алматы тұрығыны Эльвира Альмухамедова Facebook желісіндегі парақшасында жазып, видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ел біліп жүрсін! Ер өз итін (тұқымы анықталмаған) қаңғып жүрген итке айтақтап, аяғын жұлып жатқанына қуанып жатыр! Бұл не деген жауыздық?! Құқық қорғау органдары қайда?! Ертең басқа иттерге де айтақтай ма?! Егер итті бала жетектеп келе жатса ше?! Мәселе итте емес, адам деп айта алмаймын оны... мәселе сонда. Мұнымен қалай күресуге болады?! Не істеу керек?!" - деп жазыпты ол. 

Ал ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина осы жариялымға қатысты жауап берді. 

"Қазіргі таңда Инстаграмдағы pro100_zamir парақшасы жойылған, видео авторын анықтау мүмкін болмай отыр. Бей-жай қарай алмайтын азаматтарға: егер видео авторын немесе кімнің парақшасында жарияланғанын білсеңіздер ІІМ ӘПК-ге немесе жеке маған хабарлама жолдаңыздар. Қажетті тексеріс жүргізіледі", - деді ол. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети