27 қаңтар 2016 14:04

Желіде аңшыларға шапқан қасқырдың көлікпен басып өлтірілген сәті түсірілген видео жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube © Youtube

Интернетте адамдардың қасқыр аулағаны түсірілген видео пайда болды. Болжам бойынша, оқиға Қазақстан даласында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Интернетте адамдардың қасқыр аулағаны түсірілген видео пайда болды. Болжам бойынша, оқиға Қазақстан даласында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Роликті Facebook желісінде Ерлан Куанышев есімді қолданушы жариялады. Кадрдан қасқырдың артынан қуған адамдардың қарда жүретін көліктен оны атқанын көруге болады. Дегенмен қасқыр бір атқанда өле қоймайды. Осыдан кейін жыртқыш көлікке жармасып, аңшылардың біріне шаба бастады. Аңшы қашпақшы болған сәтте артына қарай құлады. Осы кезде екінші адам көмекке келіп, қасқырды көлікпен басып, жолдасын құтқарып қалды.

Айта кетейік, Қазақстан ІІМ өкілдері видеоны сарапшылардың тексеріп жатқанын хабарлады.

Еске салайық, бұған дейін осыған ұқсас оқиға болып, Қазнет қолданушылары жыртқыш аңға көрсетілген қатыгездік әрекеттеріне наразылық танытқан еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети