25 қазан 2017 19:40

Жеті айлық сәбиін еденге атып ұрған келіншекке қатысты сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Алматы облысында жеті айлық сәбиін еденге атып ұрған 28 жастағы Марина Тюменцева қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында жеті айлық сәбиін еденге атып ұрған 28 жастағы Марина Тюменцева қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігінде ("Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегiмiндеттердi орындамау") қарастырылған қылмыстық әрекетті жасады деп танылып, оған сот 25 АЕК көлемінде, яғни 56 725 теңге айыппұл салынды", - деп хабарлады Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер, 

Сондай-ақ, сот Марина Тюменцеваны үш жыл бойында балалармен байланысты жұмысқа орналасуға тыйым салды. 

Мұның алдында Желіде келіншектің жеті айлық сәбидің жылауын тоқтату үшін еденге атып ұрғаны түсірілген видео пайда болған еді. Оқиғаны Маринаның жолдасы видеоға түсірген.

Кейін әйел не себепті мұндай іске барғанын түсіндіріп, ақталмақшы болған. Айтуынша, сол күні ол енесімен жанжалдасып қалған. Осылайша, ол бұл ісіне өкінетінін жеткізген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети