26 шілде 2017 17:57

Жеті жастағы бала тоңазытқыштың ішінде тұншығып қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеті жастағы бала тоңазытқыштың ішіне кіріп, өздігінен шыға алмай қалған. Бала ауа жетіспегеннен қайтыс болды, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Жеті жастағы бала тоңазытқыштың ішіне кіріп, өздігінен шыға алмай қалған. Бала ауа жетіспегеннен қайтыс болды, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Қайғылы оқиға 25 шілдеде Семейде болды. 

"Шамамен сағат 23:00-де "102" кезекші бөліміне әйел адам хабарласып, 2010 жылғы баласының далаға ойнауға шығып кетіп, қайта оралмағанын айтқан. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жеткен (учаскелік полицей мен кәмелет жасына толмаған балалармен жұмыс істейтін инспектор). Іздеу шаралары барысында үй ауласындағы ескі сарайдың жанында КСРО кезінде өндірілген тоңазытқыштың ішінен баланы тапқан, ол ауа жетіспеуінен қаза тапқан", - деді Семей ІІБ баспасөз қызметінің өкілдері. 

Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети