05 наурыз 2018 15:35

Жезқазғанда бес қабатты үйден шыққан өрттен әйел адам қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет Көрнекі сурет

Жезқазғанда бес қабатты үйден шыққан өрттен әйел адам қаза болды. Өртке темекі тұқылы себеп болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жезқазғанда бес қабатты үйден шыққан өрттен әйел адам қаза болды. Өртке темекі тұқылы себеп болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңірлік ТЖД өкілдерінің мәліметінше, 4 наурызда сағат 03.04-те 2-қабатта орналасқан екі бөлмелі пәтерде төтенше жағдай болып, жиһаздар өртенген. Өрт сағат 03.23-те ауыздықталып, сағат 03.36-да сөндірілді. Өрттің аумағы - 10 шаршы метр.

ТЖД өкілдері өрт сөндірушілердің оқиға орнында 1988 жылғы әйелдің мәйітін тапқанын анықтады. 17 адам құтқарылған. Олардың жетеуі - балалар. Барлығы 33 адам эвакуацияланды, олардың 10-ы - балалар.

Өртті сөндіруге ТЖД қызметкерлері - 13 қызметкер мен 4 дана техника жұмылдырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети