03 тамыз 2016 09:28

Жезқазғанда жеті Gelandewagen жүргізушілерінің жолдағы тәртіпсіздіктері видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© motor.kz © motor.kz

Жезқазған маңындағы жолдардың бірінде куәгер жеті Gelandewagen көлігінің жүргізушілерінің жасаған тәртіпсіздігін видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Motor.kz.


Жезқазған маңындағы жолдардың бірінде куәгер жеті Gelandewagen көлігінің жүргізушілерінің жасаған тәртіпсіздігін видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Motor.kz.

"15 адам жол бойы Gelandewagen көліктерінің терезелерінен басын шығарып, өміріне қауіп төндіре отырып, онымен қоймай, қарсы қозғалысқа шығып кеткен. Осы көріністі той операторы видеоға түсіріп келе жатқан. Оператор да жол ережесін сақтамай, қарсы жолаққа шығып кеткен Mercedes-Benz W124 маркалы көліктің терезесінен басын шығарып, барлығын видеоға түсірген", - деп жазады басылым.

Айта кетейік, видеожазбаның арқасында Қарағанды облысының полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған азаматтарды тауып, оларға айыппұл салды. "Mercedes-Benz G-Класс көліктерінің алты жүргізушісіне айыппұл салынды. Көліктерді жүргізген барлық жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Үш ереже бұзушыға бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Олардың екеуі осыған дейін де ереже бұзған екен. Сондықтан олар он айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалады. Тағы бір ереже бұзушыны емтиханды қайта тапсыруға жібердік", - деп хабарлады басылым тілшілеріне полициядағылар.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети