09 ақпан 2017 19:36

Жезқазғанда полицейдің бетіне зәр шашқан жүргізуші рақымшылықпен босап шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жезқазғанда полицейдің бетіне зәр шашқан жүргізуші рақымшылықпен босап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бірнеше бап бойынша айыпталған Қайрат Елубаев екі жылға бас бостандығынан айырылған болатын.


Жезқазғанда полицейдің бетіне зәр шашқан жүргізуші рақымшылықпен босап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бірнеше бап бойынша айыпталған Қайрат Елубаев екі жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

"Сотқа Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті департаментінің пробация қызметінің материалы келіп түсті. Материал қаралды, сол бойынша екі жылға бас бостандығынан айырылған сотталушыны босату туралы және 200 айлық есептік көрсеткіш ретіндегі айыппұлдан босату туралы үкім шықты", - деді Жезқазған қалалық сотындағылар. ҚР заңнамасына сәйкес, Елубаев жасаған қылмыс түрлері аса ауыр деп танылмады.

Еске салайық, қалалық жол-патрульдік полициясының қызметкері мас жүргізушіні шапалақпен ұрғаны үшін сотталған болатын. Жүргізуші қанында табылған алкогольді көрсеткен куәландыру қорытындыларымен келіспей, зәрін сержантқа шашып жіберген. Осы кезде сержант оны шапалақпен ұрған. Кейін полицей бес жылға шартты түрде сотталған еді. Ішкі істер министрі Қалмұхамет Қасымов бетіне зәр шашылғаннан кейін жүргізушіні шапалақпен ұрғаны үшін бес жылға сотталып кеткен жезқазғандық полицейдің ісі бойынша Жоғарғы сотқа хат жазғанын айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети