09 тамыз 2014 11:51

Жезқазғанда той дастарханынан сегіз адам уланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Жезқазғанда үйлену тойында сегіз адам астан уланып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қарағанды облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне сілтеме жасап.


Жезқазғанда үйлену тойында сегіз адам астан уланып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қарағанды облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне сілтеме жасап.

"4-6 тамыз аралығында Жезқазған қаласында сегіз адам астан улану белгілерімен дәрігерлердің көмегіне жүгінді", - делінген департаменттің баспасөз парағында. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың бәрінің 2014 жылдың 1 тамызы күні "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-нің Жезқазғандағы "Байқоңыр" мейрамханасында қыз ұзату тойында болғаны анықталды.

Мейрамханаға санитарлық-эпидемиологиялық тексеру жүргізу барысында қоғамдық тамақтану нысандарында қолдануға тыйым салынған тағамдарды ұсыну және қолдануға қатысты санитарлық талаптардың өрескел бұзылғаны белгілі болды. Жасалуы мен қауіпсіздігіне қатысты ешқандай құжаты жоқ, үйде дайындалған тағамдардың (жылқы еті, қымыз, қазы, шұжық, қарта, алкоголь өнімдері, шырындар) дастарханға қойылғаны анықталды.

"Тексерудің нәтижесінде материалдар қалалық прокуратураға және ішкі істер басқармасына жіберілді. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Абайсызда адамдардың жаппай сырқаттануына немесе улануына әкеп соққан санитария-эпидемиологиялық ережелердi бұзу" бабы (267-баптың 1-бөлігі) бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлайды облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті. Қазіргі уақытта сегіз адам ауруханада емделіп жатыр, эпидемияға қарсы шаралар қолға алынды.

Еске сала кетейік, шілде айында Семейде үйлену тойына келген 40 адам астан уланып қалған еді. Кейін оларға орта деңгейлі сальмонеллез диагнозы қойылды, мамандар тойда дастарханға қойылған тағамдардан патогенді бактерияларды анықтады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети