04 шілде 2017 18:01

Жезқазғандағы тойда шыққан төбелестің видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© wallpaperscraft.ru © wallpaperscraft.ru

Жезқазғандағы тойда шыққан төбелес видеоға түсіп қалды. Төбелескендер ұсталды. Алайда олардың ешқайсысы полицияға арыз жазғысы келмеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.


Жезқазғандағы тойда шыққан төбелес видеоға түсіп қалды. Төбелескендер ұсталды. Алайда олардың ешқайсысы полицияға арыз жазғысы келмеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап.

Кадрлардан Жезқазғандағы көңіл көтеретін мекемелердің бірінің ауласын көруге болады. Бір жағында ақ көйлек киген қалыңдық тұрса, тағы бір жақта қонақтар төбелесіп жатқан адамдарды ажыратып жатады. Әйелдердің бірі тіпті қатты айғайлайды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер осы оқиғаға қатысыт түсінік берді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, төбелес шығарғандарға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Төбелестің неден шыққаны әзірше белгісіз.

"Оқиға биыл 2 шілдеде болды. Жезқазған қалалық ІІБ-нің 102 пултіне екі туыстың арасында төбелес шыққаны жайлы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері оқиға орнына бірден барды. Бірақ қызметкерлер оқиға орнына барғанда ешқандай төбелесті көрмеген. Төбелескен туыстар бір-бірінің үстінен арыз жазудан бас тартты. Ал полиция қызметкерлері барлығынан жауап алып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабы ("Тыныштықты бұзу") бойынша әкімшілік хаттама толтырды", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети