30 сәуір 2017 13:55

Жоғалып кеткен бизнесмен Алматыда өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Евгений Молибогин. © Tengrinews.kz коллажы Евгений Молибогин. © Tengrinews.kz коллажы

Алматыда бизнесмен Евгений Молибогинді өлтірді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.


Алматыда бизнесмен Евгений Молибогинді өлтірді деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

 "Алмалы аудандық ІІБ қызметкерлері және Алматы қалалық ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 2017 жылдың 27 сәуірінен бастап із-түссіз жоғалды деп саналған 1974 жылғы азамат Евгений Молибогинді өлтірді деген күдіктіні анықтап, ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады", - деп хабарлады Салтанат Әзірбек. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта соталды тергеу барысында кісі өлтірудің себебі, мотивтері және басқа да жағдайлары анықталады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Ал осыған дейін Instagram желісінде бизнесмен Евгений Молибогиннің жоғалғаны туралы хабар тараған болатын. 

"Молибогин Евгений Иванович (26.07.1974 ж.т.) 2017 жылдың 27 сәуірінде 19:00-де іскерлік кездесуге кетіп, сол бетте оралмады. Қара жейде, сүр шалбар және қара туфли киген. Кездесуге Land Cruiser Prado көлігімен кеткен", - делінген еді бағыттама мәтінінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети