Жоғалып кеткен Темірлан Сәндібаевты мыңға жуық адам іздестіріп жатыр

13 Қазан 2014, 17:07
0
Жоғалып кеткен Темірлан Сәндібаевты мыңға жуық адам іздестіріп жатыр - ©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz
Жоғалып кеткен Темірлан Сәндібаевты мыңға жуық адам іздестіріп жатыр - Тұрғындар балаларын көшеге жалғыз жіберуге қорқады. ©Tengrinews.kz
Тұрғындар балаларын көшеге жалғыз жіберуге қорқады. ©Tengrinews.kz
Жоғалып кеткен Темірлан Сәндібаевты мыңға жуық адам іздестіріп жатыр - Іздестіруге полицияның 715 қызметкері қосылды. ©Tengrinews.kz
Іздестіруге полицияның 715 қызметкері қосылды. ©Tengrinews.kz
Жоғалып кеткен Темірлан Сәндібаевты мыңға жуық адам іздестіріп жатыр - Баланы іздеуге еріктілер де көмектесіп жатыр. ©Tengrinews.kz
Баланы іздеуге еріктілер де көмектесіп жатыр. ©Tengrinews.kz
Жоғалып кеткен Темірлан Сәндібаевты мыңға жуық адам іздестіріп жатыр - Баланы іздеуге еріктілер де көмектесіп жатыр. ©Tengrinews.kz
Баланы іздеуге еріктілер де көмектесіп жатыр. ©Tengrinews.kz

Ақтөбеде 5 жасар бала төртінші күн қатарынан іздестіріліп жатыр. Темірлан Сәндібаев үй ауласынан өткен жұмада, 10 қазан күні сағат шамамен 10.00-де жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Содан бері бала туралы дерек жоқ.

Баланы іздеуге полицияның 715 қызметкері, 150 студент және 100 әскери қызметкер жұмылды, - дейді облыстық ІІД баспасөз қызметі өкілдері. Сонымен бірге, баланы іздеуге волонтерлер де жәрдем жасап жатыр. Қалада Темірлан Сәндібаевтың суреті мен ол туралы жазылған парақшалар таратылып, оларды бағаналарға, дүкендерге, адамдардың көп жиналатын орындарына жабыстырылған. Айта кетейік, бұл оқиғадан соң облыс орталығының тұрғындары баласын көшеге жіберуге қорқатын болған.

Еске сала кетсек, бала жоғалған күні анасы оны үй ауласына ойнауға жіберіп, сосын 15 минутқа үйге кіріп кеткен. Аулаға қайта шыққан ол баланы таппаған. Туған-туысқандарының мәліметі бойынша, бала орта бойлы, бойы 110-112 сантиметр, қараторы, домалақ көзді, шашы қара. Темірлан Сәндібаев - отбасының кенжесі, оның ағасы мен әпкесі бар. Туған-туыстарының айтуынша, Темірлан салмақты бала. Олар баланың тірі екеніне және денсаулығы жақсы екеніне, табылатынына үміттеніп отыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай