05 мамыр 2014 17:36

Жол апатынан қаза тапқан полицейдің отбасына пәтер берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Астанада жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан полиция қызметкері Бауыржан Юсуповтың отбасына пәтер берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Астанада жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан полиция қызметкері Бауыржан Юсуповтың отбасына пәтер берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты шарада Юсуповтың жесіріне пәтер кілті табыс етілді. "Мерекелік шара барысында полиция генерал-майоры Әубәкіров қала әкімдігі астаналық полицейлер үшін салған үйдегі бір пәтердің кілтін берді", - делінген хабарламада.

Салтанатты шарада қызметінде көзге түскен тәртіп сақшыларына мақтау ғақаздары мен наградалар берілген. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, астаналық департаменттің жетекшісі Амантай Әубәкіров мереке қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің үйлеріне барып, оларға естелік сыйлықтар табыс еткен.

Еске сала кетейік, 2013 жылдың 23 қарашасында сағат 05.00 шамасында Астанадағы Сейфуллин көшесі мен Республика даңғылының қиылысында екі көлік соқтығысқан еді. BMW-7 көлігінің рулінде полиция қызметкері отырған, ол жүргізушіні наркологиялық диспансерге алып келе жатқан. Соқтыққан екінші машина - Mercedes-те де полиция қызметкері - Берік Тасыбаев болған. Оқиға салдарынан BMW-де болған екі адам жан тапсырды. Көлікке мас күйінде отырған Тасыбаев оқиғаға кінәлі деп танылды, ол 4 наурыз күні сот алдында жауап берді. Кейін сот Тасыбаевты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігі бойынша айыпты деп тауып, сегіз жылға бас бостандығынан айырды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети