16 сәуір 2014 12:51

Жол апатынан қаза тапқандардың қатары төртеуге жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Павлодар облысында ірі көлік апатынан қайтыс болғандардың қатары төртеуге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі облыстың бас хирургі Әлімжан Мұхамбетовке сілтеме жасап.


Павлодар облысында ірі көлік апатынан қайтыс болғандардың қатары төртеуге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі облыстың бас хирургі Әлімжан Мұхамбетовке сілтеме жасап.

"Зардап шеккендердің тағы біреуі бүгін, 16 сәуір күні таңертең бас-ми жарақатымен байланысты операциядан соң қайтыс болды. Сөйтіп, қазіргі уақытта қайтыс болғандардың қатары төрт адамға көбейді", - деп хабарлады Мұхамбетов. Оның айтуынша, қазір жансақтау бөлімінде тағы екі студент жатыр. Олардың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Зардап шеккен тағы екі адам, соның ішінде, автобус жүргізушісі де травматология бөлімінде жатыр, оның жағдайын дәрігерлер орташа ауыр деп бағалады.

Полицияның мәліметінше, екі не одан да көп адамның өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Еске салайық, 15 сәуір күні Ақсу - Дегелең жолының 26-шақырымында Ford Transit шағын автобус тепловозға соғылған еді. Автобустағы бір адам сол жерде тіл тартпастан кетіп, қалған сегіз адам ауруханаға түскен болатын. Кейін олардың екеуі ауруханада жан тапсырды.

Зардап шеккендер Ақсудағы кәсіптік-техникалық лицейдің студенттері болып шықты. Олар Ақсу ферроқорытпа зауытындағы өндірістік тәжірибеден қайтып келе жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиғаға автобус жүргізушісі кінәлі, ол тепловозды өткізіп жібермеген болуы мүмкін.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети