Жолсерік Ресейден 230 келі қызыл уылдырықты заңсыз әкелді

08 Тамыз 2014, 14:23
0
Жолсерік Ресейден 230 келі қызыл уылдырықты заңсыз әкелді - ©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский

Жолсерік Ресейден өз купесіне 230 келі қызыл уылдырықты жасырып, алып өтпек болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстандық шекарашылар 230 келіге жуық қызыл уылдырықты ұстады. Шығыс Қазақстан облысындағы "Ауыл" шекаралық бақылау бөлімшесінің жасағы жүкті Новосібір - Алматы бағытындағы пойызды тексеру кезінде жолсеріктің купесінен тапты", - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Жолсеріктің купесінен зауыттан оралған 30 келі қызыл уылдырығы бар екі сөмке мен жалпы салмағы 200 келі болатын, пластмасса ыдыстарға салынған уылдырығы бар сегіз сөмке табылды. Контрабанда дерегі бойынша жолсерік ұсталды. Тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, теміржолдағы қызыл уылдырық контрабандасының ірі дерегі 2011 жылы тіркелген болатын. Алтай өлкесінде 300 келі қызыл уылдырықты заңсыз тасымалдаған 43 жастағы қазақстандық ұсталды. Құжаты жоқ жүкті 17 ақпанда Локоть станциясының кеденшілері Новосібір - Алматы бағытындағы пойыздан тапқан болатын.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай