05 наурыз 2015 12:50

Жұлынған тіс үшін Алматы тұрғыны стоматологтардан қомақты сома өндіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Алматыда науқастың тісін жұлғаны үшін стоматологтар 76 мың теңге көлемінде өтемақы өндіріп беретін болды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады. Бұл соманың 50 мыңы - моральдық шығын да, ал 26 мыңы - материалдық шығын.

Әйел "Для всей семьи" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі стоматологтарының үстінен Медеу аудандық сотына арызданған. Атап айтқанда, ол дәрігер Светлана Захаревичті кінәлады. Емделуші тісін емдеткеннен кейін оның тісі қайтадан ауыра бастаған. Бұдан кейін ол дәрігеріне қайта-қайта барған. Әйелдің ауруы басылмағаннан кейін дәрігерлерге жәбірленушінің төменгі жетінші тісін жұлуға тура келді.

Стоматологиялық клиниканың емделушісі дәрігерлер қателік жасады деп айыптады. "Сараптама қорытындысында пациенттің амбулатория картасында ауру тарихының жеткілікті түрде жазылмағаны, емдеу алдында жасалған рентген суреті мен мәліметтердің жоқтығы, клиенттің емдеу жоспарына келісім бергені жайлы мәліметтің  жоқтығы, қандай емдік препараттардың және олардың қандай пайыздық деңгейде қолданылғаны көрсетілмегені белгілі болды", - деді соттың баспасөз қызметінің өкілдері. Айта кетейік, Алматы стоматологтары соттың шығынын да өтеуі тиіс - 187 629 теңге.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети