07 қазан 2018 08:54

Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ақтөбелік келіншек Алматыдан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©aktobetimes.kz ©aktobetimes.kz

Алматыда полицейлер бір ай бұрын Ақтөбеде іс-түссіз жоғалып кеткен балабақшаның тәрбиешісін тапты, - деп хабарлайды "Диапазон"


Алматыда полицейлер бір ай бұрын Ақтөбеде іс-түссіз жоғалып кеткен балабақшаның тәрбиешісін тапты, - деп хабарлайды "Диапазон"

Егіздердің анасы, 24 жастағы әйел 28 тамызда еш хабарсыз жоғалып кеткен. Сол күні келіншек жұмысқа келіп, екінші тәрбиешіні балалармен бір сағатқа отыра тұруын сұрап, өзі белгісіз бағытқа кетіп қалған. Жұмыста да, үйінде де көрінбеген ақтөбелікке іздеу салынған. 

"Іздестіру іс-шаралары барысында Ақтөбе облысының ІІД қызметкерлері із-түссіз жоғалып кеткен 1994 жылғы Мұқанбетжанова Айдана Сандыбекқызын Алматыда тауып алған", - деп хабарлады ІІД өкілдері. 

Полиция қызметкерлері істің мән-жайын ашып айтқан жоқ. Алайда кейбір деректер бойынша, келішек басқа қалаға жеке себептер бойынша кетіп қалған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети