27 мамыр 2017 10:56

Жүргізуші мен шымкенттік полицейлер арасында болған дау видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жеңіл көлік жүргізушісі жол полициясы инспекторларымен болған дауды видеоға түсіріп алды. Оқиғаның видеосы YouTube хостингіндегі ОО ОСА арнасында жарияланды.


Шымкентте жеңіл көлік жүргізушісі жол полициясы инспекторларымен болған дауды видеоға түсіріп алды. Оқиғаның видеосы YouTube хостингіндегі ОО ОСА арнасында жарияланды.

Полиция жүргізушіні тоқтатуға фараларының қосылмауы себеп болғанын айтады. Осыған байланысты ол жүргізушіден көлік құралдарын басқаруға құқық беретін құжаттарды көрсетуін сұраған. Алайда жүргізуші фаралардың қосулы тұрғанын айтып, полицейдің талабын орындаудан бас тартқан.

Нәтижесінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері оны ұстауға қатысты хаттама толтырған. Жүргізуші де оларға арызданған. 

Айта кетейік, жарияланған ролик 130 мыңнан аса көрілім мен жүздеген пікір жинаған. Желі қолданушылары бұл жерде кімнің дұрыс, кімнің бұрыс істегенін талқылап жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети