02 қаңтар 2015 22:39

Калачи ауылына Ресейден келген әйел "ұйқышылдық ауруына" шалдықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ktk.kz ©ktk.kz

Ақмола облысының Калачи ауылына Ресейден қонаққа келген бір әйел "ұйқышылдық ауруына" шалдықты, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". 


Ақмола облысының Калачи ауылына Ресейден қонаққа келген бір әйел "ұйқышылдық ауруына" шалдықты, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". 

Елді мекендегі амбулатория өкілдерінің хабарлауынша, Калачиде екі әйел Есіл аудандық ауруханасына жатқызылды. Олардың бірі жергілікті тұрғын болса, екіншісі - Ресейдің 60 жастағы азаматшасы. "Әйел Калачи селосына қонаққа келген, ол өзін жайсыз сезініп, ұйықтап қалды", - деп хабарлады агенттікке амбулатория өкілдері. 

Сөйтіп, 20 желтоқсаннан бері Калачиде "ұйқыға кеткендердің" қатары 30 адамнан асты. Еске сала кетейік, Калачи мен Красногорск елді мекендерінің тұрғындары өткен жылдың наурыз айынан бері дәрігерлерге көріне бастады, олар әлсіреп, аяқасты ұйықтап кететінді шығарған және оларда ұмытшақтық белгілері де пайда болған. Ауырған тұрғындардың бәріне "этиологиясы беймәлім энцефалопатия" деген диагноз қойылды. 

Ақмола облысының басшылығы 2015 жылы жергілікті халықты басқа өңірге көшіруге уәде берді. 680 тұрғыны бар Калачи ауылы бір кездері шахтерлер тұрған Красногорск қалашығынан 600 метр қашықтықта орналасқан. Өткен ғасырдың 60-90 жылдары қалашық маңында уран өндірілді. 
 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети