КамАЗ кабинасында өртеніп кеткен 4 жасар баланың өліміне қатысты оқиғаның мән-жайы анықталды

13 Сәуір 2017, 12:47
0
КамАЗ кабинасында өртеніп кеткен 4 жасар баланың өліміне қатысты оқиғаның мән-жайы анықталды - © misanec.ru
© misanec.ru

КамАЗ кабинасында өртеніп кеткен 4 жасар баланың өліміне қатысты оқиғаның мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиғаны Павлодар полицейлері тергеп жатыр. Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, өртеніп кеткен жүк көлігі жеке кәсіпкерлердің біріне тиесілі.

"Жүк артылған КамАЗ кәсіпорындардың бірінің маңында тұрған. Қайтыс болған баланың әкесі сол жүк көлігінің жүргізушісі болған. Ер адамның айтуынша, ол жүктерді түсіріп жатқанда автокөліктің кабинасы өртене бастағанын көрген. Оның ішінде баласы отырған. Ер адам 4 жасар баласын құтқармақ болған, бірақ өмірін сақтап қала алмаған", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Сол сәтте кабина толықтай өртке оранған. "Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптамалар тағайындалды. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, осыған дейін 4 жасар баланың әкесінің көз алдында КамАЗда өртеніп кеткені хабарланған болатын. Өрттің аумағы алты шаршы метрді қамтыды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай