16 тамыз 2017 | 11:51

Қапшағай маңында ер адамды ұрып-соғып, көлік жүксалғышында тасып жүргендер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vyatka-grad.ru © vyatka-grad.ru

Алматы облысында полицейлер көлік жүксалғышында таяқ жеген ер адамды тасып жүрген бір топ адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында полицейлер көлік жүксалғышында таяқ жеген ер адамды тасып жүрген бір топ адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

15 тамызда түнде жол-патрульдік полиция қызметкерлері Қапшағай қаласы маңында "Алматы - Өскемен" тасжолында Daewoo Nexia маркалы көлігін тоқтатады. Көлік жүргізушінің тым қатты қобалжуы күдік тудырып, полицейлер көлікті жіті тексере бастайды да жүксалғыштан соққы жеген ер адамды тауып алады. Полицейлер бірден қосымша күш тартып, көлікте отырған төрт ер адамды ұстаған. Олар Қапшағай қаласының Ішкі істер бөліміне жеткізілді.

"Ұсталғандар - Жамбыл облысының тұрғындары. Алматыда жалдамалы жұмысшы ретінде табыс тауып жүрген. Зардап шеккен адам - Бақанас ауылының 25 жастағы тұрғыны. Бірге жұмыс істеп жүргендер оны ұры деп күдіктенген. Ер адамдар оны көлікке салып, қала сыртында мәселенің бетін ашпақ болған", - дейді полицейлер. 

Дәрігерлер ер адамның үстіндегі соққы іздері барын анықтаған. 

"Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 389-бабының 3-тарауы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және ҚР ҚК-нің 125-бабы "Адам ұрлау" бойынша тағы бір қылмыстық іс қозғалмақ", - деп нақтылады полицейлер. 

Ұсталғандар қамауға алынып, көлік арнайы тұраққа қойылды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети