09 тамыз 2017 09:56

Қапшағай су қоймасында екі жігіт батып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© patrul.kz © patrul.kz

Қапшағай су қоймасында екі жігіт батып кетті, - деп хабарлайды patrul.kz.


Қапшағай су қоймасында екі жігіт батып кетті, - деп хабарлайды patrul.kz.

Оқиға 8 тамызда "Сәуле" демалыс аймағында болған. 

Сүңгуірлер жігіттердің денесін алып шыққанша, жағажай құтқарушыларының өтінішімен барлық демалушылар жағаға шығып тұрды. Оқиғаға куәгер болғандар жігіттердің резеңке қайыққа отырып, ескертуге қарамастан алыстап кеткенін айтады. Олар 300 метрдей жерге барып, суға секірген, ал қайық толқынмен жағаға шығып қалған. 

21 және 20 жастағы жігіттер батып кеткен орынды куәгерлер шөлмек лақтырып шамамен белгілеп қойды. 20 минуттан кейін іздеуші сүңгуір батып кеткен жігіттердіңі бірінің денесін алып шықты. Екінші жігіттің денесі кейінрек табылды. 

Шомылу маусымы басталғалы бері Қапшағай су қоймасында 15 адам қаза болған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети