Қапшағай тасжолында болған ірі жол апатынан екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД сілтеме жасап.
Қапшағай тасжолында болған ірі жол апатынан екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД сілтеме жасап.
Ірі жол апатында ер адам мен әйел адамның жарақат алғаны айтылады. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. "Жол апаты сағат 06.45-те Іле ауданында "Алматы-Өскемен" республикалық автожолының 18-ші шақырымында болған. Онда Volkswagen Transporter мен Subaru көлігі, үш Toyota маркалы көлік пен тағы бір көлік соқтығысқан. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты жүргізушілердің арақашықтықты сақтамай, жылдамдықтарын асырғандықтан болған", - деді облыстық полиция қызметіндегілер.
Айта кетейік, жол-көлік оқиғасы болған жерден бір автокөлік жасырынып кеткен болатын. Жол-патрульдік полиция қызметкерлері ол көлікті іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Еске сала кетейік, бүгін куәгерлер Қапшағай тасжолында болған ірі жол апатының видеосын жолдаған болатын.