23 қараша 2018 19:03

Қарағанды маңындағы тасжолда екі автобус соқтығысты: Үш адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды маңындағы тасжолда жолаушылар автобусы мен микроавтобус соқтығысып, саладарынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды маңындағы тасжолда жолаушылар автобусы мен микроавтобус соқтығысып, саладарынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, қала маңына қатынайтын жолаушылар автобусы аялдамада адам жинап тұрған жеке микроавтобуспен соқтығысқан. 

"Бетпе-бет соқтығысқан. Адамдар сыртта тұрды, бірнешеуі жерде жатыр", - дейді жол апатының куәгері. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

???? от подписчиков. ДТП на трассе Сарань-Караганда. Трупы есть. Бусик, который набирает людей на дск врезался в автобус. Звоните своим родным и близким, узнавайте где они и что с ними! ---------------------------------------------------------------------------- Городская страница Темиртау @temirtau.city Городская страница Караганды @karaganda.city ---------------------------------------------------------------------------- #караганда #karaganda #karagandacity #krg #крг #темиртау #temirtaucity #temirtau #шахтинск #майкудук #пришахтинск #макен #абай #сарань #балхаш #жезгазган #астана #алмата #шымкент #павлодар #атырау #актау #семей #уральск #кокшетау #казахстан #новостикараганда #новоститемиртау

Публикация от Karaganda | Караганда (@karaganda.city)

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, жедел жәрдем келгенге дейін екі адам қаза тапқанын айтады. 

"Тағы төрт адамды Мақажанов атындағы клиникаға алып кетті. Бір жолаушының жарақаты тым ауыр болған. Ол ота жасалып жатқан кезде қайтыс болды. Қалғандары тексеруден кейін амбулаторлық ем қабылау үшін үйіне жіберілді", - дейді ведомствоның ресми өкілі Айжан Иса. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ekaraganda.kz Караганда (@ekaraganda.kz)

Осы дерекке қатысты Қарағанды облыстық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша іс қозғады. 

"23 қарашада шамамен 15:00-де Қарағанды - Сарань тас жолында 50 жастағы Volkswagen Transporter маркалы автокөлік жүргізушісі Сарань қаласына бара жатып, алдын ала мәлімет бойынша, басқаруды игере алмай, жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Автобус тізгінінде Шахтинск қаласының 56 жастағы тұрғыны болған", - деді полиция баспасөз қызметінің өкілдері. 

Жол-көлік оқиғасы болған сәтте автобус салонында 53 жолаушы болған. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр. 

Айта кетейік, 21 қарашада таңғы уақытта Қарағанды - Павлодар тас жолында автобус жүк көлігімен соқтығысқан еді. Салдарынан бір адам сол жерде қайтыс болды, келесі күні тағы бір жарақат алған адам жансақтау бөлімінде қайтыс болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети