25 желтоқсан 2019 | 16:04

Қарағанды облысында адам қағып кеткен жүргізуші жазасын колонияда өтейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хабар 24 Хабар 24

Қарағанды облысында жол-көлік оқғасы салдарынан қаза тапқан адамның ісі бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысында жол-көлік оқғасы салдарынан қаза тапқан адамның ісі бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Абай аудандық № 2 соты 48 жастағы жүргізушіні 3,5 жылға бас бостандығынан айырды, ол жазасын қауіпсіздік деңгейі минимал қылмыстық-орындаушы жүйе мекесінде өтейтін болады. 

"Сондай-ақ сот жәбірленуші тараптың азаматтық талабын қанағаттандырды. және сотталғанның пайдасына 2,5 миллион теңге өндіріп алды. Екінші жәбірленушінің пайдасына сот 300 мың теңге өндіріп алды", - деп толықтырды Қарағанды облыстық сот баспасөз қызметінің өкілдері. 

Жүргізушіге қатаң шара қолдаунға оның көлікті мас күйде жүргізгені себеп болған. 

Еске салайық, мас жүргізуші 10 маусымда Абай ауданының Көксу ауылында екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Олардың бірі 19 жастағы студент - Светлана Студухинаны қағып, досының көлігіне кіріп кеткен. Жол көлік оқиғасынан кейін жүргізуші зардап шегушіге көмек көрсетпеді және оқиға орнынан қашып кеткен. Қыз бала соққы салдарынан жолдың шетіне қарай ұшып кеткен. Екінші зардап шеккен адам қандай да бір себептермен болған оқиға туралы ешкімге хабарламады және кеткеннен кейін бірден үйіне қайтып кеткен. Кейін жәбірленуші жас жігіт өз іс-әрекетін шок күйінде болғанын түсіндірді. 11 маусымда таңертең қайтыс болған қыздың денесін туған-туыстары тапқан. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети