Қарағанды облысында аттракцион-пойыз баланы басып қалды. Екі жасар бала анасынан қашып кетіп, аттракционның астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағанды облысында аттракцион-пойыз баланы басып қалды. Екі жасар бала анасынан қашып кетіп, аттракционның астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға Сәтбаев қаласында Мәдениет сарайының алдындағы алаңда болды. Екі жасар бала алаңда анасымен бірге серуендеп жүрген. Бір мезетте ол анасының қолынан шығып кетіп, аттракцион-пойызына жүгіріп барып, дөңгелектің астында қалып қойған. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Абырой болғанда, бала тек жеңіл жарақат алып, қорқып қалған.
Видео youtube желісінен
"Ұлымның жасы - бір жыл тоғыз ай. Ол өте белсенді. Амал не, бұл біздің басымыздан өтті. Қуанышымызға орай, оның жағдай жақсы. Бір-екі жері сырылған. Қорқып қалыпты. Бізде қорқып кеттік", - дейді баланың анасы.
Сонымен қатар, осы оқиға болғаннан кейін баланың анасына әткеншектің қожайыны қоңырау шалып, пойыз алаңына қоршау орнатуға уәде берген.