28 шілде 2014 13:50

Қарағанды облысында бір адам түрмеден қашып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қарағанды облысында жазасын өтеп жатқандардың бірі колониядан қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарағанды облысында жазасын өтеп жатқандардың бірі колониядан қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше оқиға АК-159/1 түзеу мекемесінде болды. Шаруашылық ауласында жұмыс істегеннен кейін колония қызметкерлері сотталғандардың бірінің жоқ екенін білген. Ол "Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз топ болып немесе ірі шығын келтіре отырып, заңсыз иелену" бабы бойынша бес жылға сотталған. Қашу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іздеу шаралары жүріп жатыр. Бұған дейін ақпарат құралдары түрмеден 10-15 адамның қашып кеткенін хабарлаған еді. Бірақ полиция да, ҚР Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті де бұл ақпаратты растамады.

Айта кетейік, 2014 жылы еліміздегі түзеу мекемелерінде жаза өтеушілердің қашып кетуіне жол бермеу үшін күзет қызметінің инженерлік-техникалық құралдары қайта жарақтандырылғалы отыр. Қоршаулар үш метрден алты метрге дейін биіктетіледі. Бейнебақылаудың қосымша жүйелері орнатылады. Барлығы 12 колонияда қайта жарақтандыру жүргізіледі. 2013 жылы түрмелерден қашу дерегі төрт рет тіркелсе, биыл екі оқиға болды. Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанның түзеу мекемелерінде барлығы 50 мың адам жаза өтеп жатыр.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети