27 тамыз 2014 17:53

Қарағанды облысында дала өрті кезінде екі адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде шаруа қожалығының басшысы мен тағы үш адам күйіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.


Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде шаруа қожалығының басшысы мен тағы үш адам күйіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Дала өрті Жаңаарқа ауданының Атасу елді мекені маңындағы жеке шаруа қожалығының аумағында болды. Қожалық басшысы мен үш жұмысшы өртті сөндіруге ұмтылған. Жалын 57 жастағы қызметкердің үстіне шарпып, денесі күйіп қалған ол сол жерде қайтыс болды. Шаруа қожалығының басшысы да түтінге тұншығып, тіл тартпастан кетті. Қалған екеуі Атасу елді мекеніндегі ауруханаға түсті.

Оқиға орнына келген өртсөндірушілер ерікті өртсөндіру құрылымдарының 24 қызметкерімен бірге тілсіз жауды ауыздықтады. Жалынды сөндіруге 23 техника жұмылдырылды. "Өртенген аудан - 2000 гектар. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Мұның алдында дала өрті Павлодар облысында болған еді. Ертіс ауданының Иса Байзақов ауылдық округінде қураған шөп өртенді. Өртті сөндіруге жеке құрамның бес адамы мен бір техника жұмылдырылды. Өртенген аудан - 800 гектар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети